Біз болашақ студенттерді шетелде, нақты айтқанда, Қытай мемлекетінде білім алуға шақырамыз.

Біздің басты мақсатымыз - Қытай мемлекетінде білім алуға талпынған студенттер үшін екі елді ұштастыратын Алтын Көпір ролін атқару.

Осы бағдарламаның 2016 жылдан бастап ашылу сәтінде біз көптеген студенттерге Қытай мемлекетінің кез келген қаласындағы колледждері мен жоғарғы оқу орындарына қол жеткізіп, білім алуына көмектестік.

Біздің оқушыларымыз бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша әртүрлі мамандық саласында, сонымен қатар қысқаша және ұзақ мерзімді түрде қытай, ағылшын тілін оқумен айналысады.

Біздің сіздерге көрсететін қызметтеріміздің реті мынада: студенттерге студентақы (стипендия) алуына көмектесіп, өтініш қағаздарын ретке келтіру, жоғарғы білім алу орнына түсу үшін емтихан құралдарымен жабдықтау, университетте орналастыру немесе кеңес беру, кез келген сұрақтар бойынша кенес беру, виза алу рәсімі бойынша өтініштерін толтыру, темір жол мен авиа билеттерін сатып алуға көмектесу, жатақханаға орналастыру немесе жалға алатын пәтер жағынан көмектесу сияқты көптеген қызметтерді атқарамыз.

Сіз біздің кеңсемізге келіп ақысыз кеңес ала аласыз. Қытай мемелекетінде білім алуға бел байлаған болсаңыз, қатарласа отырып сіз үшін жеке оқу жоспарын әзірлейміз.

Келіңіз, біз сіздің Қытай мемлекетінде білім алуға барар жолдағы Алтын Көпір болуға әрқашанда дайынбыз!